Ұлттық банктің филиалдары ескі үлгідегі банкноттарды мерзімсіз қабылдай береді

Еліміздің бас банкі “Сақ стилі” сериясының банкноттарын бірнеше жыл ішінде біртіндеп айналымға шығарады. Ескі және жаңа банкноттардың айналымда қатар жүру кезеңі белгіленеді. Бұл стандартты түрде – 1 жыл. Айналымда параллель жүретін кезең аяқталған соң барлық банк пен Қазпошта ескі үлгідегі банкноттарды тағы 3 жыл ішінде жаңа үлгідегі банкноттарға айырбастайды.