Қытайда ұшқышсыз басқарылатын аэротакси қалааралық рейс жасады

Алғаш рет AutoFlight ұшқышсыз басқарылатын ұшақ жолаушыларды арақашықтығы 50 км тең Шэньчжэннен Чжухай қаласына тасымалдады. Ұшақ бұл арақашықтықты небәрі 20 минутта еңсерді. Бұл бағыттағы сапарды автокөлік 2-3 сағатта жүріп өтеді екен. Аэротакси төрт жолаушыны 250 км қашықтыққа дейін жеткізе алады. Ұшу жылдамдығы сағатына 200 км болуы мүмкін. Енді AutoFlight компаниясы ақылы қызмет көрсету үшін ұшуға рұқсат алмақ.