Президент барлық мемлекеттік органға су тасқынынан сабақ алуы керек екенін айтты. Мемлекет басшысы су тасқынына байланысты қалыптасқан күрделі жағдайды ескере отырып, бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында осындай шешім қабылдады. “Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына жұмсалатын шығынды қысқартамыз. Бұдан бөлек, еліміздің Токиода өтетін Дүниежүзілік көрмеге қатысуына бөлінген бюджет те қысқарады,” – деп атап өтті президент.