Енді ел тұрғындары баспана кезегіне тұра алады

Енді ел тұрғындары баспана кезегіне тұра алады. Бұған дейін белгілі бір санаттағы азаматтар ғана тұрғын үй кезегіне тұра алатын. Баспана кезегінің жаңа форматы келер жылы мамырдың 24-і ашылады. Оны басқару әкімдіктерден ұлттық даму институты “Отбасы банкіне” ауысады. Мемлекеттік тұрғын үй кезегіне тұрудың бірнеше шарты бар. Ол: соңғы бес жылда жеке тұрғын үйіңіздің болмауы; Жалғыз баспанаңыздың қауіпті деп танылуы. Баспана бөлер кезде тұрғынның кезекке тіркелген күні ескеріледі. Әлеуметтік осал топтар үшін басымдық сақталады: оларға бөлінген тұрғын үйдің 70 пайызы тиесілі болады.