Маңғыстау облысында актер Джеки Чан ойнайтын «Доспехи бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды

Маңғыстау облысында актер Джеки Чан ойнайтын «Доспехи бога 4: Ультиматум» фильмінің түсірілімі басталды.

Алғашқы кадрлар өңірдің ерекше табиғи көріністерінде, соның ішінде әлемге әйгілі Бозжыра шатқалында түсірілді. Облыс әкімдігі шығармашылық топты қабылдап, жобаға қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Фильмнің түсірілімі биыл аяқталып, 2027 жылғы ақпанда прокатқа шығуы жоспарланып отыр. Қазақстандық актер әрі сценарист Рүстем Омаров та жобаға қатысып жатыр.

Мамандардың пікірінше, бұл жоба Маңғыстаудың табиғи және тарихи орындарын әлемдік аудиторияға таныстырып қана қоймай, елдің халықаралық имиджін күшейтуге ықпал етеді.