Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енді

Геннадий Головкин ресми түрде Халықаралық бокстың Даңқ залына енді.

Бұл мәртебе оған АҚШ-та өткен қабылдау рәсімінде берілді. Ол Қазақстан тарихында алғаш рет осы элиталық клубқа кірген спортшы атанды. Головкиннің есімі енді Мұхаммед Әли, Майк Тайсон, Флойд Мейвезер және Мэнни Пакьяо сияқты аңыздармен қатар тұр.

Оның әуесқой бокстағы 350 жекпе-жектің 345-інде жеңіске жетуі, кәсіпқой бокстағы 45 жекпе-жектің 42-сін жеңуі және 37 нокауты – ерекше көрсеткіштер. Орта салмақтағы рекордтық жетістіктері, әлем чемпионы титулдарын 21 рет қорғауы және 90 пайыздан асқан мерзімінен бұрын аяқталған жеңістер үлесі оны тарихтағы ең мықты боксшылардың бірі ретінде танытты.

Бүгінде Головкин спорттық басқару деңгейінде де ел атын шығарып жүр: ол Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетін басқарады және World Boxing ұйымының президенті.