Еңбек инспекциясы Семейдегі мұғаліммен болған оқиғаға қатысты тергеуді аяқтады. Естеріңізге сала кетейік, педагог қалалық шыршаны безендіру кезінде құлап, жарақат алған еді. Жергілікті шенеуніктер шыршаны безендіруге мұғалімдерді тартқан. “Жұмыс беруші Қылмыстық кодекстің 156-бабына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін жауапқа тартылады. Жұмыс берушінің кәнісі толықтай дәлеледенді. Бұл жерде Қуат Айтқалиевтің кінәсі жоқ. Сондықтан комиссия сондай шешім шығарды. Қазіргі уақытта ұстазға жалақысы төленіп жатыр. Емделуге кеткен барлық шығын өтеледі”, – деді мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Тоқтарбек Түсіпбаев. Лауазымды өкілеттіктерді асыра пайдалану бойынша одан әрі шешім қабылдау құқық қорғау органдарына жүктеледі.