АҚШ президенті әскерилерге бүкіл елді қорғайтын “зымыранға қарсы қорғаныс қалқанын” әзірлеуді тапсырды. Елдің қорғаныс министрі 60 күнде бағдарламаның жоспарын ұсынуы керек. Трамп бағдарламаны дамытуға қажетті қаржыны алу үшін 2026 жылға арналған бюджетке енгізгізбек. АҚШ президенті Израильдің “Темір күмбезінің” аналогын жасамақ. Оны баллистикалық, гипер дыбыстық және қанатты зымырандардың шабуыл қаупінен сақтану деп түсіндіреді.