Атыраудан ұшқан АН-12 жүк ұшағынан қара түтін шыққан. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды. Атырау халықаралық әуежайдың инженерлік-авиациялық қызметінің басшысы Андрей Кимнің айтуынша, ұшу режимінде отын қоспасынан осындай қою түтін пайда болады.
Бұл – қалыпты жағдай, совет дәуірінде шығарылған ұшақтың барлығында бар. Ұшақ қалыпты биікке жоғарылағаннан кейін, қара түтін жоғалады. Сондықтан, алаңдауға еш себеп жоқ.