Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілді

Солтүстік Қазақстанда карантин күшейтілді. Шектеу шаралары 24 шілдеден бастап 3 тамызға дейін енгізілді. Екі апта бойы жұма-жексенбі күндері қоғамдық көлік жүрмейді, жазғы дәмханалар, саябақтар мен турбазалар жабылады деп хабарлайды Sputnik.

Облыстың бас мемлекеттік санитария дәрігерінің қаулысына сәйкес, өңірде науқастарға арналған орындардың 71 проценті бос емес. Отбасылық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Облыста, елді мекендердің ішінде жаяу және жеке көлікпен жүруге шектеу енгізіліп отыр. Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді.