Иранда жарылысқа байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды

Иранда жарылысқа байланысты ұлттық аза тұту күні жарияланды. Естеріңізге сала кетейік, Иранда Шахид Раджаи портында жарылыс болған еді. Иран президенті құтқару барысы мен жойқын жарылыс салдары жайында ақпарат алу үшін жағалаудағы Хормозган провинциясына барды. Қуатты жарылыстан қаза тапқандар саны 28-ге жеткен. 1000-нан астам адам зардап шекті, 6 адам із-түзсіз жоғалған.