Қытайлық ғалымдар ерекше құрылғыны ойлап тапты. Олар әскери операцияларға арналған масаның көлеміндей дрон жасап шығарды. Микродрон Хунань провинциясындағы Қытайдың Ұлттық қорғаныс технологиялары университетінің робототехника зертханасында жасалған, деп хабарлайды South China Morning Post басылымы. Шағын бионикалық роботтар ақпарат жинау және соғыс алаңындағы арнайы миссиялар үшін қолайлы екен. Бұл құрал төтенше жағдай кезінде үйінділер мен қирандылар арасынан тірі қалғандарды табуға қолданылады. Ол смартфон арқылы басқарылады.