Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізуге жіберілді

Ұлттық ұлан борты жол апатынан қаза тапқандардың туыстарын Маңғыстау облысына жеткізуге жіберілді. Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, олар марқұмдардың жеке тұлғасын анықтау және басқа да қажетті рәсімдер үшін бара жатыр. Хабарламада бұл шара марқұмдардың отбасыларына жедел көмек көрсету, оларды тасымалдау және жерлеуді ұйымдастыруды оперативті шешу мақсатында ұйымдастырылғаны айтылған. Жол апатына түскен көлік жолаушылары қасиетті Бекет-Атаға қажылық сапарға шыққан. Барлығы еліміздің түрлі өңірнен келген Қазақстан азаматы.