Алматыда жұрттан ақша бопсалап жүрген жалған полицейлер ұсталды. Олардан ақша, жалған куәліктер тәркіленді. Арнайы операция барысында күдіктілерден «Полицияға жәрдемдесу жасағы» атты қоғамдық бірлестіктің жалған қызметтік куәліктері, кісендер табылған. Олар бопсалаған адамдарды қылмыстық жауапқа тартамыз деп қорқытып, қолма-қол немесе банк арқылы ақша беруді талап еткен. «Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. «Бопсалау» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды», – делінген полиция хабарламасында.
