Ипотекалық және тұтынушылық кредиттердің мөлшерлемесі жаңа әдістеме бойынша есептелетін болады. Жаңа тәсілге сәйкес, мөлшерлеме алғашқы жарнаның көлеміне байланысты белгіленеді. Сонымен қатар, сараланған мөлшерлеме деңгейі бекітіледі.
Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі таңда тұтынушылық кредиттердің орташа мөлшерлемесі 35–36 пайызды құрайды. Жаңа әдістеме мен нарықтағы бәсекелестіктің арқасында бұл көрсеткіш төмендеуі тиіс.
Агенттік пен Ұлттық банк келер жылдың 1 шілдесіне дейін кредит мөлшерлемесін есептеудің жаңа әдістемесін енгізуді жоспарлап отыр.
