Мүгедектікті сырттай куәландыру көлемі артты

Мүгедектікті сырттай куәландыру көлемі артты.

Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу бойынша еліміздің барлық өңірінен 99,6 мың өтінім қаралды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.

Мүгедектік тобын белгілеу қызметін алу үшін өтініш беруші тұрғылықты жері бойынша емханаға жүгініп, қажетті тексеруден өтуі тиіс. Қалған процестер ақпараттық жүйелерді интеграциялау есебінен науқастың қатысуынсыз жүзеге асырылады.