Өнеркәсіп министрлігі пәтер алғысы келген тұрғындарды асықпай шешім қабылдауға шақырды.
Себебі қазіргі тұрғын үйлерге сұраныс жасанды, дейді министр Ерсайын Нағаспаев. Оның айтуынша, ведомство жеке құрылыс компанияларының бағасын тікелей реттей алмайды, баға нарықпен анықталады.
Министр тұрғын үйлер 30 % қымбаттайды деген болжамдарды асыра сілтеушілік деп санайды. «Бұлай қымбаттауға негіз жоқ. 30 % немесе одан да көп деп айту дұрыс емес. Қазір бағаны көтеріп отырған тек қарбалас жағдай», – деді министр.
