Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке сапалы экономикалық өсімді қамтамасыз етуді тапсырды.
Президент соңғы жылдары Қазақстан бәсекелестік артықшылықтарын толық ашуға, экономикалық өсімнің жаңа мүмкіндіктерін табуға, инвестиция тартуға және кәсіпкерлік бастамаларды ынталандыруға бағыт алғанын атап өтті.
“Инфляцияның шарықтауына жол беруге болмайды. Өйткені инфляция азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған барлық шешімдер мен әрекеттерді жоққа шығарады. Бұл орайда өте қатаң бюджет тәртібін орнату қажет. Қаржы тек ішкі жалпы өнімнің өсуіне және Қазақстанның әлемдік аренада лайықты орнын алуына ықпал ететін басым жобалар мен бағдарламаларға жұмсалуға тиіс”, – деді президент.
