Енді кез келген елдің тұрғыны Американың азаматтығын сатып ала алады.
АҚШ Президенті Дональд Трамп иммигранттарға арналған «Алтын картаны» ресми түрде сатылымға шығарғанын мәлімдеді. Жаңа визаның бағасы 1 млн АҚШ доллары деп белгіленді. Қалталы шетелдіктердің қысқа уақытта америкалық азамат атануына мүмкіндік бар.
АҚШ билігінің айтуынша, бұл тәсіл ел қазынасына 100 млрд доллардан астам инвестиция тартуға мүмкіндік береді.
«Біз бұл картадан түскен табысты түгел Америка Үкіметіне бағыттаймыз. Әрі компанияларымыз баға жетпес қызметкерлерін сақтап қалады», – деді АҚШ Президенті Дональд Трамп.
