Гуанчжоу – Алматы бағытындағы әуе рейсінде бір әйел көз жұмды.
Көліктегі полиция департаменті бұл қайғылы жағдайды растады және тергеу басталғанын хабарлады. Бортта қайтыс болған 64 жастағы әйел онкологиялық аурудың соңғы сатысында болған. Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі осы дерек бойынша қылмыстық іс қозғады.
Қазіргі уақытта барлық мән-жай анықталып жатыр. Тергеу нәтижесіне қарай тиісті процессуалдық шешім қабылданады. Өзге ақпарат жарияланбайды.
