Елімізде келер жылдан бастап құнды мүлікке салық салу тәртібі бекітіледі.
Жаңа Салық кодексіне сәйкес, енді жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты салық мөлшерлемелері айқын әрі нақты болады.
- Құны 18 000 АЕК және одан жоғары көліктер үшін — көлік бағасының 10% мөлшерінде акциз есептеледі.
- Яхталар мен ұшақтар: құны 24 000 АЕК және одан жоғары болған жағдайда — 10% акциз салынады.
- Алкоголь өнімдері: 500 000 теңгеден асатын алкогольге — әр литріне 10% мөлшерінде акциз белгіленеді.
- Жеке тұлғаның барлық мүлкінің құны 450 миллион теңгеден асса — мүлік салығы 2% мөлшерінде есептеледі.
Мүліктің құнын мемлекет анықтайды, ал салық мөлшері меншіктің жалпы құнына қарай белгіленеді.
