Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі енгізілді

Алматыда қоғамдық көлікте жолақы төлеудің қосымша тәсілі енгізілді.

Енді автобус төлемін банктердің QR-коды арқылы жасауға болады. Жолаушылар автобустағы QR-кодты Kaspi қосымшасы арқылы сканерлеу немесе көлік кодын қолмен енгізу арқылы жолақы төлей алады.

Сонымен қатар, бұрыннан қолданыстағы төлем құралдары — көлік карталары, мобильді қосымша және басқа да тәсілдер қолжетімді болып қала береді.

Бұл туралы Алматы көлік холдингі хабарлады.