Мұғалімдердің іссапар шығыны жергілікті бюджет есебінен төленеді

Мұғалімдердің іссапар шығыны жергілікті бюджет есебінен төленеді.

Педагогтер қызмет барысында түрлі семинарлар мен конференцияларға, әдістемелік бағыттағы шараларға қатысады. «Егер іс-шараны мемлекеттік мекеме ұйымдастырса — мысалы, Әдістемелік орталық, “Өрлеу” біліктілікті арттыру орталығының өңірлік филиалы немесе Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырса, іссапар шығындары толығымен жергілікті бюджет есебінен төленуі тиіс», — деді Оқу-ағарту министрлігі Орта білім беру комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев.

Шығындар мектептің немесе аудандық не қалалық білім бөлімінің бюджеті арқылы төленуі керек. Егер мұндай жағдайларда төлем жасалмаса, ведомствоға хабарласу қажет. Орта білім беру комитеті тиісті шаралар қабылдайды.