Елде зейнетақы жинағын пайдаланудың жаңа тәртібі енгізілді.
Тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында біржолғы зейнетақы төлемдерін қолдану қағидаларына өзгерістер 31 қаңтардан бастап күшіне енеді. «Отбасы банк» зейнетақы жинақтарының артығын пайдалана отырып, қарыздарды ішінара өтеудің жаңа ережелерін түсіндірді.
Құжатта «берешек» ұғымы «негізгі қарыз» ұғымымен алмастырылды. Бұл дегеніміз, енді зейнетақы жинақтарын несие бойынша ішінара немесе толық мерзімінен бұрын өтеу кезінде тек негізгі қарызды жабуға болады. Біржолғы зейнетақы төлемі есебінен ай сайынғы төлемді толық өтеу мүмкін емес. Несие бойынша ілеспе төлемдерді қарыз алушы өз қаражаты есебінен төлеуі тиіс.
