Елімізде алтынның бағасы өсті. Қазір оның грамы 82 164,45 теңгеге бағаланып отыр. Қазақстан Ұлттық банкі осылай деп мәлімдеді

Елімізде алтынның бағасы өсті. Қазір оның грамы 82 164,45 теңгеге бағаланып отыр. Қазақстан Ұлттық банкі осылай деп мәлімдеді.

Әлемдік нарықта да алтын бағасы тарихи рекордтарды жаңартып жатыр. 26 қаңтарда бір троя унциясының құны алғаш рет 5000 доллардан асып, кейін 5200 долларға дейін жетті. Сарапшылар бұл жағдайды АҚШ долларының әлсіреуімен, геосаяси ахуалдың ушығуымен және экономикалық тұрақсыздықпен байланыстырады.

Қаңтар айында алтынның әлемдік бағасы 20 пайызға қымбаттаған.