Таяу Шығыста қазақстандықтар зардап шеккен жоқ.
Соңғы деректер бойынша, шиеленіс аймақтарында Қазақстан азаматтарының басым бөлігі танымал туристік бағыттарда, қажылық сапарда және транзиттік хабтар орналасқан өңірлерде жүр. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
Ведомство күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Дипломаттар жергілікті билік органдарымен және ел азаматтарымен тұрақты байланыста. Әскери іс-қимылдар басталғаннан бері өңір елдерінің басым бөлігінде әуе кеңістігі жабық тұр. Осыған байланысты қазақстандықтарды қонақ үйлерге орналастырып, тамақпен қамтамасыз ету шаралары ұйымдастырылып жатыр.
Бұған дейін Тегераннан 50 қазақстандық эвакуацияланған. Эвакуациялық рейстерге ең алдымен қарттар, әйелдер мен балалар жіберіледі.
