Сыртқы істер министрлігі Иранның Горган қаласындағы қауіпсіздік жағдайына қатысты пікір білдірді

Сыртқы істер министрлігі Иранның Горган қаласындағы қауіпсіздік жағдайына қатысты пікір білдірді.

Бұл қалада этникалық қазақтардың бір бөлігі тұрады. Вице-министр Әлібек Бақаев жергілікті қазақтар Иран Ислам Республикасының азаматтары екенін атап өтті.

«Олар Иранның заңдары мен тәртібіне бағынады. Біз үшінші елдің ішкі саясатына араласа алмаймыз. Егер теориялық тұрғыда этникалық қазақтар Қазақстанға қоныс аудару мәселесімен жүгінсе, бұл ең алдымен Иран билігімен шешіледі. Әңгіме Иран азаматтары туралы болып отыр және бұл саяси жағдайға байланысты емес. Ал егер азаматтар босқын мәртебесін алғысы келсе, ұлттық критерийлер мен талаптарға сәйкес келуі қажет», – деді вице-министр.

Айта кетейік, Горганда Қазақстанның Бас консулдығы жұмыс істейді.