Министрлік БАӘ мен Қатарда билетсіз қалған қазақстандықтардың елге қалай қайтарылатынын хабарлады.
Азаматтар екі көрші мемлекет – Оман сұлтанаты мен Сауд Арабиясы арқылы шығарылмақ.
«Қазіргі кезде 467 қазақстандық автобуспен Оманға шықты. Сол жерден олар ұшақпен елге қайтады. Ал Қатардан шығатындар алдымен автобуспен Эр-Риядқа, одан әрі Жидда қаласына жеткізіледі. Ол жерден өз ұшақтарымызбен Қазақстанға алып келеміз», – деді Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаев үкіметтегі брифингте.
Бұған дейін билеті бар қазақстандықтар ұшақпен Астанаға жеткізілген болатын.
