Депутат Асхат Аймағамбетов оқушылардың жасанды интеллектіні қолдану мәселесіне қатысты пікір білдірді.
«Жасанды интеллектіні өзім де қолданамын, бұл – қалыпты жағдай. Бірақ мәселе оны қалай пайдаланып жатқанымызда. Мен бірінші немесе төртінші сыныптағы баланың оны үнемі қолдануына қарсымын. Себебі бұл баланың белгілі бір когнитивтік қабілеттерінің дамуына кері әсер етеді. Каллиграфия да маңызды: баланың қолмен жазуы, саусақ моторикасының дамуы оның жалпы дамуына ықпал етеді. Ал егер бала бастауыш сыныптан бастап жасанды интеллектке тәуелді болып, тапсырмаларды тек соның көмегімен орындаса, мұғалім сұрақ қойған кезде де тек соған сүйенсе, бұл дұрыс емес. Сондықтан мұнда белгілі бір теңгерім сақталуы қажет», – деді Асхат Аймағамбетов.
