Өскеменде зауытта жарылыс болды

Өскеменде зауытта жарылыс болды. Соның салдарынан төрт адам зардап шекті, олар медициналық мекемеге жеткізілді.

ТЖМ мәліметінше, жарылыс шаң ұстау құрылғысынан шығуы мүмкін. Оқиға салдарынан өрт шығып, ғимараттың бір бөлігі құлаған. Қазір оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Жедел штаб құрылды, басқа да зардап шеккендерді іздестіру жалғасуда.

«Казцинк» ЖШС аумағындағы өрт оқшауланды.