Олжас Бектенов Өскемендегі жарылысқа байланысты министрлерге тапсырма берді.
Үкімет отырысы алдында Премьер-министр Төтенше жағдайлар министрлігіне, Экология министрлігіне және облыс әкімдігіне қажетті шараларды қабылдап, нәтижесі туралы баяндауды тапсырды. «Бұл мәселе менің жеке бақылауымда болады», – деді Премьер-министр.
Соңғы мәлімет бойынша, «Қазцинк» ЖШС зауытындағы жарылыстан тоғыз адам зардап шеккен. Екі адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр.
Төтенше жағдайлар министрлігінің күшімен іздестіру-құтқару жұмыстары және құрылымдарды бөлшектеу жүргізілуде. Зауыттағы үйінділерді аршу мен адамдарды іздестіруге кинологтар және Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері жұмылдырылды.
