Ел Үкіметі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібін бекітті

Ел Үкіметі зейнетақы жинақтарының ең төменгі жеткілікті шегін есептеудің жаңа тәртібін бекітті.

Қаулыға премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Жаңа ережеге сәйкес, есептеу кезінде жылдық табыстылық мөлшерлемесі 9% болып белгіленді. Ал ай сайынғы төлемдердің өсімі 8% деңгейінде есептеледі.

Шек арнайы формула арқылы анықталады және былтырғы деңгейден төмен болмауы тиіс. Сонымен қатар ол инфляциядан 5 пайыз жоғары мөлшермен қайта есептеледі.

Қаулы 4 маусымнан бастап күшіне енеді.