Алматыдағы Көкжайлау аумағында коттедждер мен виллалар салуға болмайды

Алматыдағы Көкжайлау аумағында коттедждер мен виллалар салуға болмайды.

Көкжайлау Іле Алатауы ұлттық паркінің құрамында қалады және ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін сақтайды. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәлімдеді.

Оның айтуынша, Almaty Superski жобасы жеке курорт ретінде емес, қоғамдық инфрақұрылым ретінде дамиды.