Судья Кеңшілік Әбделдинов пневмониядан қайтыс болды. Ол – Денис Теннің ісін қараған Алматыда мамандандырылған ауданаралық соттың судьясы. 2000 жылы Жоғарғы сот аппаратында жұмыс істеген. 2003 жылдан Алматы облысының судьясы болған. Авторадио Қазақстан ұжымы cудья Кеңшілік Әбделдиновтың отбасына және туыстарына көңіл айтады.