Парламент мәжілісінің депутаты отандық экономиканы қолдау шараларын ұсынды

Парламент мәжілісінің депутаты отандық экономиканы қолдау шараларын ұсынды. Депутат Нұржан Әлтаев AntikorLive алаңына берген сұхбатында халыққа шартсыз базалық кіріс 42 500 теңгені табысы төмен азаматтарға тұрақты түрде беріп тұру қажет дейді. Депутаттың айтуынша, халықтың табысы күрт азайып кетсе, кедейшілікпен күресуге тура келеді. Ол кезде бюджеттен одан да артық ақша шығады.