АҚШ Кенияда арнайы карантин орталығын ашады

АҚШ Кенияда арнайы карантин орталығын ашады.

Бұл Эбола вирусының таралу қаупіне байланысты қабылданған шара. Орталыққа ауру белгілері байқалмаған, бірақ жоғары қауіп тобына жататын америкалықтар орналастырылады. Инфекциясы расталғандар АҚШ-қа жеткізілмейді, қажет болған жағдайда үшінші елдерге эвакуацияланады.

Карантин орталығы жұма күні іске қосылады. Алғашқы кезеңде ол 50 адамға есептелген, кейін қосымша биоконтейнерлер мен оқшаулау блоктары орнатылады.

ДДСҰ Эболаны халықаралық төтенше жағдай деп жариялады.