Келер жылдан бастап елімізде несие беру ережелері өзгереді.
Қарыз алушының кірісіне қатысты жаңа көрсеткіш – борыш коэффициенті енгізіледі. Ол қолданыстағы борыштық жүктеме коэффициентімен қатар қолданылады. Ұлттық банк өкілдерінің айтуынша, бұл тетік азаматтардың шамадан тыс қарызға батпауын және қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
БЖК ай сайынғы төлемдерді кірістің 50%-нан асырмайды. Жаңа ереже несие қолжетімділігін төмендетпейді, бірақ борышы көп азаматтарға талапты күшейтуі мүмкін.
