Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында болған жол апатына қатысты басты сот отырысы басталды.
Күдікті Александр Пак кінәсін толық мойындады. Іс Қылмыстық кодекстің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қаралып жатыр. Бұл бап екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзуды қамтиды. Ең ауыр жаза – 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
