Көлсайда биыл ірі туристік жоба басталады

Көлсайда биыл ірі туристік жоба басталады.

Төменгі және Орта көлдерді жалғайтын аспалы жолдың құрылысы қолға алынады. Жобаның құны – 15 миллиард теңге, ал аяқталу мерзімі – 2027 жылдың соңына жоспарланған. Бағыт ұзындығы 6,3 шақырымды құрайды. Ол 500-ден астам көлікке арналған тұрақтан басталады.

Саты ауылдық округінің әкімі Нұрым Сағымжан құрылыс қоршаған ортаға зиян келтірмейтінін, ағаш кесілмейтінін атап өтті. Жоба қытайлық технологиялар негізінде жүзеге асырылады. Аспалы жол жылына 500 мыңға дейін туристті қабылдауға мүмкіндік береді.