Елімізде тауда жоғалған туристерді табу жеңілдейді

Елімізде тауда жоғалған туристерді табу жеңілдейді.

Үкімет туристік бағыттарға цифрлық бақылау жүйесін енгізуді жоспарлап отыр. Жаңа жүйе құтқару қызметтеріне туристердің қозғалысы туралы автоматты түрде хабарлап, төтенше жағдайда жедел әрекет етуге мүмкіндік береді. Министрдің айтуынша, бұл шара таулы әрі жетуі қиын аймақтардағы қауіпсіздікті арттырады. Қазір құтқару бөлімшелерінің желісі кеңейтіліп, туристік аймақтарда қауіпсіздік шаралары күшейтіліп жатыр.