Қазақстанға 105 елдің азаматтары электрондық визамен кіре алады.
Елшіліктерге бармай-ақ Neo Nomad және Digital Nomad визаларын рәсімдеуге мүмкіндік бар. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәлімдеді. Әуежайларда елде болу ережелері мен шұғыл қызметтер туралы ақпарат көрсетілген QR-коды бар туристік карталар таратылды. Сонымен қатар шетелдіктерге арналған QazETA мобильді қосымшасы әзірленіп жатыр. Бүгінде туристік полиция бөлімшелері 18 аймақта қызмет атқарып отыр.
