Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына байланысты сот процесі жалғасуда

Алматыда үш адамның өмірін қиған жол апатына байланысты сот процесі жалғасуда.

Айыпталушы Александр Пак сотта кінәсін толық мойындап, жасаған ісі үшін заң аясында қандай жаза белгіленсе де қабылдауға дайын екенін айтты. Ол апатқа себепкер болғанына қатты өкінетінін, марқұмдарды күн сайын еске алатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Пак оқиға болған күні тек бір бокал сыраға тапсырыс бергенін, өзін мас күйде болдым деп есептемейтінін айтты. Сотта ол көліктің жылдамдығын бақыламағанын мойындап, ақау байқалған сәтте тоқтауға үлгермей басқаруды жоғалтқанын түсіндірді.

Жәбірленушілердің туыстары айыпталушыны кешіргенімен, адвокат оның жазадан құтылып кетуі екіталай екенін атап өтті.