Қазақстандықтарға Шенген аймағына кіру ережелерінің өзгергені ескертілді.
Еуропада EES – кіріп-шығу жүйесі толық іске қосылды. Енді туристердің деректері бірыңғай цифрлық базаға енгізіліп, төлқұжатқа қойылатын дәстүрлі мөрлер қолданыстан шығады. Жаңа жүйе шекарадан өткенде төлқұжат деректерін, кіру-шығу уақытын, фотосурет пен саусақ іздерін тіркейді. Егер саяхатшы биометриялық деректерді беруден бас тартса, елге кіруге рұқсат етілмеуі мүмкін.
Жүйе Шенген аймағы мен ЕО елдерінде, сондай-ақ Исландия, Лихтенштейн, Норвегия және Швейцарияда қолданылады. Ал Ирландия мен Кипрде әзірге енгізілмеген.
