Қазақстанда интернетте балағат сөз қолданғандарға айыппұл енгізілмек

Қазақстанда интернетте балағат сөз қолданғандарға айыппұл енгізілмек.

Премьер-министр Олжас Бектенов бұл өзгеріс Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434-бабына толықтыру енгізу арқылы жүзеге асатынын айтты. Жаңа заң жобасына сәйкес, онлайн-платформаларда балағат сөз қолданғаны үшін 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Бұл шамамен 86 мың теңге.

Сонымен қатар, қоғамдық жұмыстарға тарту немесе әкімшілік қамаққа алу шаралары да қарастырылған. Үкімет басшысы бұл түзету қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың тыныштығын қорғау үшін қажет екенін атап өтті.