Қазақстанда декреттік төлемдерді заңсыз рәсімдеу фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр.
Егер қаражат заңсыз алынғаны дәлелденсе, ол мемлекетке қайтарылуға тиіс. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев мәлімдеді. Қазіргі уақытта мұндай қайтару жағдайлары тіркелген жоқ.
Министр әлеуметтік төлемдерді заңсыз көбейтуге көмектескен делдалдардың да жауапқа тартылатынын атап өтті. Қазір елде 38 қылмыстық іс тергеліп жатыр. Кейбір азаматтардың жоғары мөлшердегі жәрдемақы алу үшін табысын жасанды түрде көтергені анықталды. Бұған дейін 13 өңірде заңсыз төлемдер бойынша тергеу басталған.
Мемлекетке келтірілген шығын көлемі шамамен 3 миллиард теңге, ал мыңнан аса әйел күдікке ілінген.
