Елімізде зейнетақы жүйесін реформалау талқыланып жатыр

Елімізде зейнетақы жүйесін реформалау талқыланып жатыр.

Жұмыс берушілердің 5 пайыздық міндетті жарналарына қатысты екі модель ұсынылды. Біріншісі – «4 + 1» жүйесі: мұнда 4 пайыз жеке шоттарға, ал 1 пайыз ортақ қорға бағытталады. Екіншісі – барлық қаражатты ортақ қорға жинап, кейін қайта бөлуге негізделген модель.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев «4 + 1» нұсқасын қолдайтынын айтты. Қай модель таңдалатыны маусым айының соңына дейін анықталып, шілде басында Үкіметке ұсынылады. Жаңа жүйе келесі жылдан бастап немесе кейінірек іске қосылуы мүмкін.

Жарналар кезең-кезеңімен 5 пайызға дейін өседі. Төлемдер жұмыс берушілер есебінен жүргізілетіндіктен, азаматтардың жалақысына әсер етпейді.