Елімізде 19 шілдеден бастап бірыңғай QR төлем жүйесі іске қосылады.
Жүйе кез келген банктің мобильді қосымшасы арқылы ортақ QR-кодпен төлем жасауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Бұдан былай қай банктің қызметін пайдалансаңыз да, бір QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасай аласыз.
Естеріңізге сала кетейік, жаңа нормаларға сәйкес, төлем карталарымен қатар банкаралық мобильді төлемдер жүйесі арқылы да төлем қабылдау мүмкіндігі қарастырылған.
