Қазақстан мен Еуроодақ арасында Шенген визасын жеңілдету жөнінде келіссөздер жүріп жатыр.
Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев әзірге толық мәлімет бермей, «кейбір жайттарды жариялау ерте» екенін айтты. Дегенмен ол визалық режимді жеңілдету бағытында нақты келісімдер барын растады.
Министр еуропалық әріптестеріне төлемді азаматтарға ыңғайлы болу үшін дөңгелек сомаға келтіруді ұсынғанын жеткізді.
