Алматылықтар ескі дәрілерді арнайы орындарға өткізе алады

Алматылықтар ескі дәрілерді арнайы орындарға өткізе алады.

Үйіңізде мерзімі өтіп кеткен дәрі-дәрмекті қоқысқа тастауға асықпаңыз. Қоқыс полигондарына түскен мұндай препараттар қоршаған ортаға ғана емес, адам денсаулығына да зиян келтіреді.

Енді қала тұрғындары шаһардағы 38 емханада орнатылған арнайы экобокстарға дәрілерді тапсыра алады. Кейін бұл препараттар арнайы орындарда жойылады.