Демалыс күндері бірнеше өңірде бұршақ жауып, жел тұрады

Қазақстанның бірнеше аймағында 30 шілде мен 1 тамыз аралығында құбылмалы ауа райы болады, – деп хабарлайды “Қазгидромет”.

Бұл күндері атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты республика бойынша кей жерлерде өткінші жаңбыр жауады, 30 шілдеде шығыс аймақта қатты жаңбыр жауады.

Тек солтүстік және оңтүстік-батыс аймақтарда жауын-шашынсыз ауа райы және ауа температурасының біртіндеп жоғарылауы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде найзағай, қатты жел, бұршақ жаууы мүмкін.